ШҚО-да көлік қағып өлтірген баланы еске алуға арналған турнир өтеді

24 Қаңтар 2019, 10:12
2444
Бөлісу:
ШҚО-да көлік қағып өлтірген баланы еске алуға арналған турнир өтеді

Астана, BAQ.KZ. ШҚО-да Аңсар Алипиновты еске алуға арналған шаңғы жарысынан турнир өтеді. Бұл туралы altaynews.kz сайты хабарлайды.

Аңсар Алипиновты өткен жылдың 18 желтоқсанында Риддер қаласында көлік қағып кеткен еді. Алған ауыр жарақаттардың салдарынан 9 жастағы бала бір күннен кейін ауруханада көз жұмды.

Аңсар – бүлдіршін спортшы. Ол талай жарыстың медалін қанжығасына байлап, алда алар биік асуларына ұмтылып келе жатқан жас дарын еді. Бір сәттік оқыс оқиға оның өмірін қиып кетті.

Аңсардың ата-анасы қыршыннан қиылған ұлдарын еске алу ретінде бүлдіршін спортшыларға арасында шаңғы жарысынан турнир өткізбек. Оған 12 жастан кіші спортшылар қатыса алады.

Жарыс 3 ақпан күні Александр Афанасьев атындағы тас жолдың бойындағы Маренин Соколок шоқысында өтеді. Басталу уақыты: сағат 11.00.

Турнирдің ұйымдастырушылары оны жыл сайын өткізуді көздеп отыр.

Өзгелердің жаңалығы