Бас жаңалықтар
ШҚО-да ер адам суға кетті
15 Шілде 2019, 20:58 193

ШҚО-да ер адам суға кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қайғылы оқиға жекесенбі күні Риддердегі Тихая өзенінде қиыршық тас өндіретін карьердің аумағында болған. Бұл туралы altaynews.kz сайты хабарлайды.

Бұл жер шомылуға арналмаған екен. 40 жастағы ер адамның суға кетуіне нақты себеп болған жағдай қазір анықталуда.

Суға түсу кезіндегі қайғылы оқиғалар денсаулықтағы ақаулар, мас күйде болу, қауіпсіздік ережелерін сақтамау, өз күшін асыра бағалау секілді жағдайлардың салдарынан болып жататынын айта кеткен жөн.


Фото: дереккөз

Сізден жаңалық