ШҚО-да ең көп кездесетін құс анықталды

22 Шілде 2019, 20:35
5586
Бөлісу:
ШҚО-да ең көп кездесетін құс анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның биоалуантүрлілігін сақтау қауымдастығының (ҚБСҚ) сарапшылары биыл ұшып келген құстардың санын, түр-түсін анықтап, қорытынды шығарды. Бұл туралы altaynews.kz сайты хабарлады.

Осы шара бойынша қауымдастық халықаралық науқанға да қатысты. Акция барысында ел тұрғындарының жолдаған хабарламалары бойынша құстардың кең тараған түрлері анықталады. 40 ел қатысқан акция аясында Қазақстан үздік үштіктен көріне алмады. Дегенмен қауымдастық өкілдері ел ішіндегі белсенді өңірлерді жеке-жеке атап көрсетті.

Шығыс қазақстан облысы қатысу динамикасы бойынша Түркістан және Ақмола облыстарынан кейін үшінші орында болды. Өңірден барлығы 134 құс туралы хабарлама келіп түскен. Оның ішінде 130-ы – қарлығаш, үшеуі – көкек, біреуі – сарышымшық туралы болған екен.

Өзгелердің жаңалығы