ШҚО-да «Дала асханасы» әскери аспаздар байқауы өтті

31 Қаңтар 2019, 13:16
2362
Бөлісу:
ШҚО-да «Дала асханасы» әскери аспаздар байқауы өтті

Астана, BAQ.KZ. «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскери бөлімдер арасында 2019 жылғы халықаралық Армия ойындары шеңберінде «Дала асханасы» деп аталатын әскери аспаздар мен наубайшылардың байқауына арнайы қатысу үшін командаларды іріктеу сайысын өткізді, деп жазады Аltaynews.kz.

Барлық тілек білдірушілер ішінде аспаздар және наубайшылардың іріктеу сайысына 13 команда қатысты. Сайыстың ережелеріне сәйкес «Дала асханасы» сайысы екі кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде аспаздар мен наубайшылар жауынгерлік дайындығын көрсетіп, автомататтан оқу-атыс жаттығуын орындаса, екінші кезеңде «команда құрамында ас дайындап, нан пісіруден бәсекелестік» танытты.

«Қазылар алқасының шешімімен іріктеу жарысының қорытындысы бойынша, командалық есепте әскери бөлімдер арасында жеңімпаз болып 10181 және 27943 әскери бөлімдерінің аспаздары мен наубайшылары танылды», - деді «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметінің жетекшісі, аға лейтенант Исламбек Қалдыбеков.

Исламбек Қалдыбековтың айтуынша, биыл тамыз айында әскери саладағы ас және нан пісірушілерінің халықаралық сайысы Ресей Федерациясының Алабино оқу-жаттығу алаңында өтеді. Қазақстандық әскери аспаздардың үздіктері осыған қатысуға жолдама алады.
Айта кету керек, Армияның халықаралық ойындары 28 сала бойынша Қазақстан мен шет мемлекеттердің әскери мамандарының ең күшті өкілдерін анықтайтын 2015 жылдан бері дәстүрлі түрде өткізіп келе жатқан жарыстар.

Өзгелердің жаңалығы