ШҚО-да қар көшкініне байланысты жол жабылды

19 Наурыз 2020, 23:26
1362
Бөлісу:
ШҚО-да қар көшкініне байланысты жол жабылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Өскемен-Алтай тасжолы уақытша жабылады.

Аталмыш автокөлік жолында қар көшкінінің алдын алуға байланысты жұмыстар жүргізіледі.

19 наурыз күні 11.00-ден бастап Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катонқарағай-Рахман қайнары тасжолының 58 және 66 шақырым аралығында көлік қозғалысы тоқтатылады. Аумақта қар көшкінінің алдын алу іс-шаралары жүргізіледі, – деп мәлімдеді "Қазақавтодор" ЖШС-ның облыстық филиалы.    

Өзгелердің жаңалығы