Бас жаңалықтар
Биыл ШҚО-да жиналған шөп қоры аз
19 Қыркүйек 2020, 00:23 148

Биыл ШҚО-да жиналған шөп қоры аз

Нұр-Сұлтан, BAQ. Шығыс Қазақстанда шөп жинау науқаны басталғалы ірі азықты дайындап, тасу және сақтау кезіндегі өрт жағдайлары жиілеп кетті, деп хабарлайды ШҚО төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Мекемедегілердің айтуынша, тамыз басталғалы облыста ірі азықтың 45 өртену жағдайы тіркелсе, соның ішінде 800 тоннадан астам пішен өртенген.

Кезекті өрт Үржар ауданында, Таскескен-Бахты тасжолының 121 шақырымында болды. Тіркемесі бар трактор жүріп бара жатқанда пішен өртеніп кетті.

Жүргізуші көлігінің бір жері бұзылғандықтан тоқтап, пішеннің қызыл жалынға оранғанын байқаған. Ол дереу тракторды тізбегінен ажыратып өрт сөндірушілерді шақырды. Аудандағы өрт постының қызметкерлері 10 минут ішінде келіп, тілсіз жауды сөндіруге кірісті. Өкінішке қарай, 30 шаршы метр аумақта 4 тонна жаңа дайындалған пішен мен тіркеменің бөліктері өртенді. Өрт сөндірушілер өртті 20 минутта сөндірді, - деп түсіндірді ШҚО ТЖД қызметкерлері.

Болжам бойынша өртке отты абайсыз пайдалану себеп болған. Өрт сөндірушілердің айтуынша, өрттің тұтануына жанынан өтіп бара жатқан автокөліктен лақтырылған темекі тұқылы себеп болуы мүмкін.



Фото: ашық дереккөз
Загрузка...