ШҚО дәрігерлеріне көмекке Татарстаннан әріптестері келеді

10 Шілде 2020, 05:41
1140
Бөлісу:
ШҚО дәрігерлеріне көмекке Татарстаннан әріптестері келеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Татарстаннан 20-дан астам маман ШҚО дәрігерлеріне көмекке келмек. Бұл туралы аймақ басшысы Даниал Ахметов мәлімдеді.

Облыс әкімі  8 шілде күні Татарстан Республикасы Президентімен тиісті келіссөздер жүргізді.

Осылайша дәрігерлер қиындық туғызған мәселелерді бірге шешіп, біліктілік бойынша кеңес береді.

Бүгін Татарстан Президенті Рустам Нұрғалиұлы Миннихановпен келіссөздер жүргізгенімді ерекше атап өткім келеді. Жақын арада Татарстаннан келген 20-дан астам тәжірибелі маман біздің дәрігерлерімізге бірқатар бағыттар бойынша кеңес беру үшін ШҚО-ға арнайы келеді, - деп хабарлады.

 



Өзгелердің жаңалығы