ШҚО-ға қажетті дәрі-дәрмектер жеткізіледі – Сабильянов

16 Шілде 2020, 01:24
1116
Бөлісу:
ШҚО-ға қажетті дәрі-дәрмектер жеткізіледі – Сабильянов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кеше Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильянов Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойға Шығыс Қазақстан облысындағы орын алып жатқан олқылықтар туралы әлеуметтік желі арқылы хат жолдаған болатын.

Хатта көтерілген мәселеге қатысты министр жылдам жауап беріп, облыстағы медициналық мекемелерге мониторинг жүргізілетінін айтты. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильянов әлеуметтік желідегі жеке парақшасында жазды. 
Құрметті Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары! Кешегі жазған хатымды Денсаулық сақтау министрлігі алды. Бүгін Денсаулық сақтау министрі Алексей Владимировичпен хатта көтерілген халықтың мәселесі бойынша сөйлестім. Шығыс Қазақстан облысындағы ауруханалар мен дәріханаларды  қамтамасыз ету бойынша нақты шаралар қабылданды. Облыстың шалғайдағы бірқатар ауданы коронвирусқа талдау жасайтын ПЦР-анализаторлармен қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар, Шығыс Қазақстан облысының аудандары мен қалаларындағы әр аурухананы қажетті дәрі-дәрмектер, препараттармен қамтамасыз ету және онда қанша бос төсек орындар бар екені бойынша мониторинг жүргізілетін болады. Мәселені жедел түрде қарап, нақты шаралар қабылдағаны үшін Денсаулық сақтау министрі А.В.Цойға рахмет айтамын! Біз бірлескен жұмысты жалғастырамыз, – деп жазды депутат.

Өзгелердің жаңалығы