Шәмшидинова мұғалімдердің сайлау жұмыстарына қатысуы туралы айтты

16 Сәуір 2019, 10:37
3219
Бөлісу:
Шәмшидинова мұғалімдердің сайлау жұмыстарына қатысуы туралы айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 9 маусымда өтетін ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауына қатысты жұмыстарға мұғалімдерді күштеп тартып жатыр деген мәліметке қатысты Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова Үкімет кулуарында пікір білдірді.

Айтуынша, құзыретті органдар еліміздің сайлау заңнамасына сәйкес жұмысын жасайды.

«Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңнамасына сәйкес, сайлау комиссиясы ел тұрғындарын тартуға құқылы. Сондықтан мұның барлығы заң аясында болады», - деп қысқа қайырды министр.

Өзгелердің жаңалығы