Шөкеев «Шардара Армспорт» клубына шағын автобус тарту етті

14 Қыркүйек 2019, 01:58
1789
Бөлісу:
Шөкеев «Шардара Армспорт» клубына шағын автобус тарту етті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Шардара ауданына сапары кезінде «Шардара Армспорт» спорт клубына барып, дүниежүзінде өзіндік орны бар спортшылармен кездесті, деп хабарлады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, аймақ басшысы әлем чемпиондары аллеясының және таэквондо, каратэ, жеңіл атлетика залдарының ашылу салтанатына қатысты. Аталған аллеяға алғашқы ағашты отырғызды. Сонымен қатар, Түркістан облыстық №4 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры, "Шардара Армспорт" спорт клубының негізін қалаған Арман Қарсыбаевпен кездесіп, спорттың дамуына сүбелі үлес қосып жүргені үшін алғысын білдірді. Алдағы уақытта одан әрі қарай да чемпиондар шығара беруіне сеніммен қарайтынын айтып, ізгі тілегін жеткізді.

«Спорт клубына жас спортшыларды жарыстарға тасымалдайтын микроавтобусты тарту етіп, көлік кілтін қол күресінен Әлем чемпионы Мағжан Шамиевке табыстады. Шардаралық чемпиондармен естелікке суретке түсіп, оларға алдағы Румынияда өтетін Әлем чемпионатында жеңіс тұғырынан көрінулеріне тілек білдірді»,- делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы