Елордадағы Сейфуллин – Бейбітшілік көшелерінің қиылысында жөндеу жұмыстары жүруде

20 Мамыр 2020, 02:35
1234
Бөлісу:
Елордадағы Сейфуллин – Бейбітшілік көшелерінің қиылысында жөндеу жұмыстары жүруде

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сейфуллин – Бейбітшілік көшелерінің қиылысы уақытша жабылады. Жөндеу жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы көше-жол желісін орташа жөндеу аясында Сейфуллин – Бейбітшілік көшелерінің қиылысында жұмыстар жүргізуде. Осыған байланысты 19 мамыр сағат 15.00-ден 20 мамыр таңғы сағат 8.00-ге дейін аталған көше қиылысында жол қозғалысын тоқтату жоспарланған.

Сонымен қатар, елорда тұрғындары мен қонақтарына қала жолдарында кептеліс туындауына жол бермеу үшін өз маршрутын алдын ала жоспарлауы қажеттігі айтылған.

Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарына түсіністікпен қарауды өтінеміз, – делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы