Бас жаңалықтар
Жамбыл облысында тағы бір «Сервистік әкімдік» орталығы ашылды
06 Маусым 2019, 17:22 1094

Жамбыл облысында тағы бір «Сервистік әкімдік» орталығы ашылды

Жамбыл облысы, BAQ.KZ тілшісі. Жамбыл облысындағы Меркі ауданы әкімдігі ғимаратынан «Сервистік әкімдік» орталығы ашылды. «Жамбыл – адалдық алаңы» жобасы аясында көпшілікке қызмет көрсете бастаған нысан мемлекеттік қызметтің ашықтығын қамтамасыз етуді мақсат етеді.

56 шаршы метрді құрайтын орталықта Меркі ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс, жер қатынастары, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жол көлігі, автомобиль жолдары, ауыл шаруашылығы, облыстық инвесторларға қызмет көрсету, жобалық басқару, цифрландыру орталығының Меркі аудандық бөлімшелері орналасқан.

«Бұл «Сервистік әкімдік» орталығы арқылы ауыл тұрғындары консультативті көмек алып, түйткілді мәселелерінің шешімін таба алады. Ашық, қабырғалары әйнекпен қапталған орталықтар арқылы атқарушы орган өкілдері жергілікті тұрғындарды алдын-ала тіркемей-ақ, аптаның белгіленген күндері кез келген  уақытта қабылдайды», - дейді Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттінінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы Равиль Төлебаев.

Айта кетейік, осы уақытқа дейін өңірдегі Шу ауданында «Сервистік әкімдік» орталығы ашылғанын хабарлаған болатынбыз.

Фото: автордан
Загрузка...