Серікқали Брекешев көміртекті бейтараптыққа көшу мәселесіндегі басты мақсатты айтты

27 Қазан 2021, 15:00
8228
Бөлісу:
Серікқали Брекешев көміртекті бейтараптыққа көшу мәселесіндегі басты мақсатты айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Көміртекті бейтараптыққа көшу мәселелері» тақырыбындағы брифингте Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев мәлімдеді.

Оның айтуынша, Қазақстан Республикасы жаһандық температураны 2 градустан астам өсуіне жол бермеу жөніндегі Париж келісімдегі температуралық мақсатқа қол жеткізу жолындағы күш жігерді жандандыру және амбицияларды арттыру жөніндегі жаһандық күн тәртібін толық қолдайды.

«Global Carbon Atlas» платформасының 2019-жылғы мәліметіне сәйкес, еліміз көмір қышқыл газдарының шығарындылары бойынша 221 елдің ішінде, 21 орында. Жан басына шаққандағы шығарындылары бойынша 11-ші және жалпы ішкі өнім көміртек сыйымдылығы бойынша 5-орында, -деп атап өтті Брекешов.

Сонымен қатар министр Париж келісімінің мақсатына жету үшін көптеген елдер көміртек бейтараптандыру мақсаты жөнінде мәлімдегенін айтты.

2019 жылы ұлттық парниктік газдардың шығарындылары 364 млн тоннадан астам болды. Климаттың өзгеруі және парниктік газдардың шығарындылардың азайту қажеттілігі ірі секторларды көміртексіздендіру әлемдік экономиканы дамыту бағытына, трансформациялауға әкеледі. Халықаралық қаржы институттары төмен көміртекті технологияларды дамытудың мақсатында көмірмен байланысты жобалардан толық бас тартты. Бұл көмір өнеркәсібінің саласына қысым әкелуде, -дейді Экология, геология және табиғи ресурстар министрі.
Өзгелердің жаңалығы