Жұманғарин: Мемлекеттік тапсырыстар саны 2 есеге қысқарады

22 Маусым 2021, 10:07
1212
Бөлісу:
Жұманғарин: Мемлекеттік тапсырыстар саны 2 есеге қысқарады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үкімет отырысында ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин 2025 жылға қарай мемлекеттік тапсырыстар саны екі есеге қысқарту жоспарланып отырғанын айтты.

Маңызды аспект – кәсіпкерлікке мемлекеттік қатысуды қысқарту. Бүгінгі күні мемлекеттік экономикаға қатысу 14,8%-ды 2000-нан астам квазимемлекеттік сектор субъектісі құрайды. Біз мемлекеттік меншік секторлық талдауды ұсындық. Яғни қызмет түрлеріне қарамастан, егер сектор ШОБ субъектілерінің санын мемлекеттік қолдау деңгейін ескере отырып жетілсе, онда оны толық жекешелендіру қажет, - деп атап өтті агенттік төрағасы.
Мысалы, стоматология, қауіпсіздік, көлік қызметтері, абаттандыру кәсіпорындары жатады. Сонымен бірге Қазақстанның өңірлерін де ескеру қажеттігін қоса кетті.

Сонымен қатар тағы бір маңызды аспект – мемлекеттік тапсырыстар санын қысқарту.

Біз оларды 2025 жылға қарай шамамен 2 есеге қырқартуды жоспарлап отырмыз. Экономикалық тиімділік 30 млрд теңгеден асады, - деп түсіндірді Жұманғарин.
Еске сала кетейік, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігің төрағасы Серік Жұманғарин бәсекелестікті дамытудың негізгі бағыттарын атаған болатын.
Өзгелердің жаңалығы