Серік Теміржанов әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды
07 Қараша 2021, 00:44 200

Серік Теміржанов әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық боксшы Серік Теміржанов әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.

Белградта 57 келі салмақ дәрежесінде әлем чемпионатының финалы аяқталды. Осы салмақта жұдырықтасқан Серік Теміржанов финалда АҚШ өкілі Джамал Харвимен жарыстың алтынын сарапқа салды. Өкінішке қарай, финалдық кездесу Харвидің еншісіне шешіліп, Серік Теміржанов әлем чемпионатының күміс жүлдесіне ие болды.

Осылайша, Қазақстан ерлер құрамасы бокстан 2021 жылғы әлем чемпионатын 2 алтын, 2 күміс және 1 қола жүлдемен аяқтады.


Фото: дереккөз
Загрузка...