Ренжулімін. Сәпиев Абылайхан Жүсіповтің жеңілісіне қатысты пікір білдірді

27 Шілде 2021, 16:07
5771
Бөлісу:
Ренжулімін. Сәпиев Абылайхан Жүсіповтің жеңілісіне қатысты пікір білдірді

Алматы, BAQ.KZ. 2012 жылғы Лондон Олимпиадасының чемпионы Серік Сәпиев боксшы Абылайхан Жүсіповтің Токио олимпиадасында алғашқы кездесуде неліктен жеңілгеніне қатысты түсінік берді. 

Бұл туралы Sports.kz жазды.

Жүсіпов бар күшін кейінге сақтап қалуға тырысқандай әсер қалдырды, ол бар қарым-қабілетін көрсетпеді. Әрине, мен ренжулімін. Төрешілердің дауысын алу үшін ештеңе істемеді. Иә, жекпе-жек теңдей болды, кейбір сәтте Абылайхан қарсыласынан басым болғандай еді. Алайда қазылар алқасы басқаша санады. Абылайханның бұдан да жақсы жұдырықтасуға мүмкіндігі бар, бірақ... Кездесуде ол қолмен дұрыс жұмыс істемеді, оның тарапынан белсенділік аз болды. Жеңіске жету үшін сенімдірек жұдырықтасу керек еді, - деді Сәпиев.
Айта кетсек, отандасымыз Токиодағы алғашқы кездесуін 27 шілде күні америкалық боксшы Деланта Джонсонға қарсы өткізді. Төрешілердің шешімімен жеңіс америкеалық боксшыға бұйырды.


Өзгелердің жаңалығы