Серік Сәпиевтің ағасы қайтыс болды

28 Ақпан 2020, 01:35
1265
Бөлісу:
Серік Сәпиевтің ағасы қайтыс болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін әйгілі боксшы - бокстан КСРО чемпионы, кеңес кезіндегі ұлттық құрама мүшесі, КСРО халықаралық дәрежедегі спорт шебері Бақтай Сапеев өмірден озды.

Бақтай Сапеевтің өмірі спортпен, ондағы жетістіктерімен тығыз байланысты. Дара тұлға талай биік шыңдарды бағындырды. Екі рет Қазақ КСР біріншілігін жеңіп алды (1972-1973), екі рет КСРО чемпионатының күміс жүлдегері (1973-1974), Қазақстан-АҚШ матчының жеңімпазы (1974) және КСРО чемпионатының жеңімпазы.

 

Былғары қолғап шебері Бақтай Сапеев - Олимпиада чемпионы және Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері Серік Сәпиевтің ағасы. Ол бала Серіктің спорттық мансабында жарқын жетістіктер боларына сенді. Серік Жұманғалиұлы айтқандай, тектегі айырмашылықтар әкесінің төлқұжатын алған кезде жіберілген қателіктен туындаған.

Өзгелердің жаңалығы