Сергей Швейкин: Әлемде террористік белсенділік өршіп барады

6 Қараша 2019, 14:05
2841
Бөлісу:
Сергей Швейкин: Әлемде террористік белсенділік өршіп барады
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада өтіп жатқан Қазақстан Дінтанушыларының ІХ форумында ҚР ҰҚК терроризмге қарсы орталық бастығының орынбасары, ҰҚК полковнигі Сергей Швейкин әлемде террористік белсенділіктің өршіп бара жатқанын және елімізде деструктивті ағымда жүрген азаматтардың саны 20 мыңнан асатынын айтты.

Қазір әлемде террористік белсенділіктің өршіп бара жатқандығы айтылады. Дүниежүзінде лаңкестік әрекеттер тыйылмай, кеісінше үдеп бара жатқандығы соның дәлелі. Әлемде ХХІ ғасыр басталғалы бері 72 мыңнан астам теракт болып, салдарынан 170 мыңдай адам көз жұмған деген дерек бар. Солардың басым бөлігін радикалды, діни идеологияның ықпалындағылар жасаған. Олар үгіт насихаттарын ғаламтор арқылы жүргізуі салдарынан біздің кейбір азаматтар да түрлі террорлық топтардың мүшесіне айналды. Бұлардың қармағына, алдауына негізіген діни көзқарастары қалыптаспаған жастар жағы көбірек ілінуде. Қазақстан азаматтары «Әл-Каида» құрамына кіру үшін Ауғанстанға шығып кету жағдайы алғаш рет 2008 жылы тіркелген еді. 2013 жылы Қазақстаннан шыққандардың көбі Сирия мен Ирака аттанды. Осы кезеңге дейін шетелге 800-ге тарта қазақстандықтар өткен болса, олардың көпшілігі ДАИШ, Әл-Каида, Хайят Тахрир аш-Шам секілді ұйымдардың қатарында жүр. Және олардың көбі қаза тапқан. Ал қалғаны ұсталып, елге әкелінуде, - деді ҰКҚ өкілі Сергей Швейкин.

Оның айтуынша, мұндай жағдайдың алдын алу үшін дін мамандарының атқарар жұмысы зор.

Дін мамандарының алдында Қазақстан Республикасының 2018-2022 жылдарға арналған Діни экстремизм мен терроризмге қарсы күрес бағдарламасын іске асыру секілді үлкен міндет тұр. Қазіргі таңда біздің дін саласындағы мамандар өте білімді, олар жат ағымдардың жетегінде кеткен жандармен пікірталасқа түсіп, олардың көзқарасының бұрыс екеніне сендіріп, дәстүрлі дінге тарта алады, - деді ҰКҚ өкілі.
Өзгелердің жаңалығы