Бас жаңалықтар
"Сергекке" 20 күнде қанша көлік түскені белгілі болды
27 Қаңтар 2020, 19:36 309

"Сергекке" 20 күнде қанша көлік түскені белгілі болды

Алматы, BAQ.KZ. 22 күн ішінде "Сергек" жол қозғалыс ережесін бұзған 4,5 мыңнан астам жағдайды тіркеген. Нәтижесінде ЖКО 11,6%-ға төмендеді. 

Бұл туралы Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Instagram-дағы парақшасында жазды.

Қала әкімінің айтуынша, жаңа жылдан бастап аппаратты-бағдарламалы "Сергек" кешенінің 400 құрылғысы жұмыс жасай бастағалы жол көлік оқиғасы 11,6%-ға төмендеген.

Жалпы, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда қылмыс 38%-ға қысқарған. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жұмыстар одан әрі жалғасады, оның ішінде жолдар мен қалалықтар көп жиналатын жерлерде видеобақылау мониторингісінің жүйесі кеңінен қолданылатын болады, - деп жазды әкім әлеуметтік желідегі парақшасында.

Сонымен қатар, ол биыл қосымша 360-тан астам "Сергек" орнатуды жоспарлап отырғандарын мәлімдеді. 

Әр жыл сайын қоғамдық тәртіптің бұзылуын қадағалайтын автоматты видеобақылау жүйесінің үлесі артатын болады, - деп жазды ол.

Фото: дереккөз
Загрузка...