Сенбіде алты облыста аптап ыстық болады

30 Мамыр 2020, 08:28
1695
Бөлісу:
Сенбіде алты облыста аптап ыстық болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сенбі, 30 мамырда Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қызылорда облыстарында аптап ыстық болады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

30 мамырда Қазақстанның басым бөлігі әлі де жоғары қысым аумағында болғандықтан, күн райы ашық болады. Тек еліміздің солтүстік, батыс және шығыстағы облыстарының жекелеген аудандарында атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты кей жерлерде өткінші жаңбыр жауады, күн күркіреп, найзағай жарқылдайды. Кей жерлерде жел күшейеді, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста шаңды дауыл соғады, - делінген хабарламада.

Жамбыл облысының кей жерінде шаңды дауыл соғады, күндіз кей жерінде жел күшейіп, жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Түркістан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында, күндіз Маңғыстауда желдің 15-20 м/с күшейеді. Маңғыстау облысында шаңды дауыл соғады.

Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарында, Қостанай, Қызылорда облыстарының оңтүстігінде аптап ыстық болады.

Павлодар облысының басым бөлігінде, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Ақмола, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.



Өзгелердің жаңалығы