Сенаттың бірқатар депутаты өкілеттігін тоқтатты

12 Тамыз 2019, 18:15
1767
Бөлісу:
Сенаттың бірқатар депутаты өкілеттігін тоқтатты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Парламенті Сенатында бірқатар ауыс-түйіс болды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

"Мемлекет басшысының Жарлықтарымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары: Сергей Николаевич Громовтың; Георгий Владимирович Кимнің; Дулат Рашитұлы Қосдәулетовтің; Рашид Төлеутайұлы Түсіпбековтің өкілеттіктері тоқтатылды", - деп хабарлады Ақордада.

Сонымен қатар, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлықтарымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары болып: Мұхтар Абрарұлы Құл-Мұхаммед; Андрей Иванович Лукин (Бас прокуратура мен елорда әкімдігінде қызмет атқарды); Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаева; Ләззат Жаңылысқызы Сүлеймен (ОСК мүшесі болды); Дана Өмірбайқызы Нұржігітова (белгілі журналист); Қанатбек Бейсенбекұлы Сафинов (Энергетика министрлігінің бұрынғы жауапты хатшысы болды) тағайындалды.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Нұртөре Жүсіп те Сенат депутаты болды.



Өзгелердің жаңалығы