Бас жаңалықтар
Сенатта туризмді дамытуға арналған заң қабылданды
08 Сәуiр 2021, 11:30 179

Сенатта туризмді дамытуға арналған заң қабылданды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сенатта «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне туристік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң қабылданды.

Айта кетсек, отырыстың бірінші оқылымында Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне туристік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын таныстырды.

Парламент Сенатының екінші оқылымында депутаттар аталған заң жобасын қабылдады.

Әлемнің көптеген елінде туризм ішкі-жалпы өнімді дамытуға айтарлықтай оң әсерін тигізуде. Сондай-ақ бұл сала жаңа жұмыс орындарын ашуда да маңызды, - деді Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев.

Оның сөзінше, экономиканың, көлік, құрылыс, ауыл шаруашылығы, тұтыну тауарларын өндіру сияқты негізгі салаларына да тигізер ықпалы зор. Сол себепті біздің елімізде де туризм саласын дамыту - маңызды мақсаттардың бірі. 

Бүгін қабылданған заң осы бағытта кешенді заңнамалық негіз қалыптастырады. Соған сәйкес қаржылай қолдау тетіктерінің де ауқымы кеңейеді. Олардың қатарында инвестициялық жеңілдіктер, туристік қызметті ынталандыру, сырттан туристер әкелетін туроператорлардың шығындарын субсидиялау сияқты басымдықтар бар. Алдағы уақытта бұл заң елдегі туризмді дамытуға өз үлесін қосады деп сенеміз, - деп айтты Сенат төрағасы.

Фото: дереккөз
Загрузка...