Бас жаңалықтар
Сенатта ТМД елдері Қарулы Күштерінің ынтымақтастығын жетілдіру жөніндегі заң жобалары қаралады
04 Қазан 2021, 13:40 1469

Сенатта ТМД елдері Қарулы Күштерінің ынтымақтастығын жетілдіру жөніндегі заң жобалары қаралады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Палата Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалық етуімен Бюро отырысы өтіп, онда депутаттар ағымдағы жылдың 7 қазанына жоспарланған Сенат отырысының күн тәртібін бекітті.

Отырыстың күн тәртібіне «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер қарулы күштерінің бірлескен гуманитарлық  минасыздандыру инженерлік бөлімшесі туралы келісімді ратификациялау туралы» және «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер қарулы күштерінің бірлескен (біріккен) байланыс жүйесі туралы келісімді ратификациялау туралы» екі заң жобасы енгізілді.

Бірінші келісімді ратификациялау бірлескен бөлімшені қалыптастыру, қолдану және оның қызметін аяқтау тәртібін, қабылдаушы не транзиттік Тараптың аумағындағы оның мәртебесін, сондай-ақ гуманитарлық минасыздандыруды жүргізу кезеңіндегі Тараптардың әскери қызметшілері мәртебесін айқындайды. Өз кезегінде, бірлескен байланыс жүйесі туралы келісімді ратификациялау Келісімге қатысушы елдердің Қарулы күштері байланыс жүйелерінің жұмыс істеу тиімділігін арттыруға ықпал ететін болады.

Бюро отырысында сонымен қатар Мәжілістен бұрын келіп түскен «Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғау жөніндегі негіздемелік конвенцияға Каспий теңізін жерүсті көздерінен және құрлықта жүзеге асырылатын қызмет нәтижесінде ластанудан қорғау жөніндегі хаттаманы ратификациялау туралы», «Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғау жөніндегі негіздемелік конвенцияға Биологиялық әралуандылықты сақтау туралы хаттаманы ратификациялау туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобалары Сенаттың салалық комитеттеріне берілді.


Фото: дереккөз
Загрузка...