Сенатта автомобиль ұрлығына қарсы шаралар талқыланды

23 Ақпан 2021, 23:50
1418
Бөлісу:
Сенатта автомобиль ұрлығына қарсы шаралар талқыланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің кеңейтілген көлік құралдарын ұрлауға қарсы іс-қимыл туралы хаттаманы ратификациялау және оларды қайтаруға жағдай жасау мәселелерін талқылады.

Заң жобасының мақсаты - ТМД-ға қатысушы мемлекеттердегі автокөлік ұрлығы мен оларды одан әрі сату үшін ТМД-ның басқа мемлекетінің аумағына өткізу қылмыстарына қарсы бірлескен тиімді іс-қимылды қамтамасыз ету болып табылады.

Түзетулер көлік құралдарын ұрлаумен күресті ұйымдастыру мен олардың қайтарылуын қамтамасыз ету, сондай-ақ көлікті қайтару туралы шешім қабылдау немесе көліктің иесі оны қайтаруға мүдделі емес екенін ескерту бөлігіне енгізіліп жатыр, - деді сенатор Ләззат Сүлеймен.

Сенаторлар сондай-ақ, ҚР Әділет министрінің орынбасары Ақерке Ахметова ұсынған Қазақстан мен Моңғолия арасындағы азаматтық және қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы хаттаманы ратификациялауды талқылады.

Келісім екі мемлекет арасындағы азаматтық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған. Енді Моңғолияда жүрген Қазақстан азаматтарына жеке және мүліктік құқықтары біздің республиканың аумағындағыдай заңды қорғалатын болады. Осындай әдіс біздің еліміздегі Моңғолия азаматтары үшін де қарастырылатын болады.

Хаттаманы ратификациялау құзыретті органдардың азаматтық және қылмыстық сот ісін жүргізу саласында құқықтық көмек көрсету жөніндегі нақты функцияларын белгілеуге бағытталған және Қазақстан мен Моңғолия азаматтарының құқықтарын қорғауға арналған тиімді ынтымақтастық болып отыр, - деді депутат Рысқали Әбдікеров.

Өзгелердің жаңалығы