Сенаторлар заңнамалық түзетулерді талқылайды

25 Мамыр 2020, 16:41
1155
Бөлісу:
Сенаторлар заңнамалық түзетулерді талқылайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Мәулен Әшімбаевтың төрағалық етуімен Сенат Бюросының отырысы өтті. Онда биылғы 28 мамырға белгіленген Палата отырысының күн тәртібі бекітілді.

Соған сәйкес сенаторлар алдағы отырыс барысында "Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының жобасын, "Қазақстан Республикасы Парламентiнiң комитеттерi мен комиссиялары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына парламенттік оппозиция мәселелері бойынша өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй бағдарламалары операторларының санын қысқарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобаларын қарауды жоспарлап отыр.

Сонымен қатар Бюро отырысында Мәжіліс мақұлдаған заң жобалары комитеттер арасында бөлініп берілді.

Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті "Қазақстан Республикасы мен Иран Ислам Республикасы арасындағы азаматтық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы келісімді ратификациялау туралы" және "2005 жылғы 25 қарашадағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің автокөлік құралдарын жымқыруға қарсы күрестегі және оларды қайтаруды қамтамасыз етудегі ынтымақтастығы туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы" заң жобалары бойынша бас комитет болып белгіленді.

Бас комитетке Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының өзге комитеттерінің ұсыныстарын пысықтау және осы құжаттар бойынша қорытындылар дайындау тапсырылды. 


Өзгелердің жаңалығы