Бас жаңалықтар
 Сенаторлар Риддердегі өрттен зардап шеккендерге бір күндік еңбекақысын аударды
11 Мамыр 2021, 14:55 716

Сенаторлар Риддердегі өрттен зардап шеккендерге бір күндік еңбекақысын аударды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласында болған алапат өрттің салдарынан ондаған үй толықтай өртеніп кетті. Өкінішке орай, қайғылы жағдай адам өліміне әкеліп соқты, деп жазды Сенаттың баспасөз қызметі.

Қазақстан Парламенті Сенатының депутаттары мен Аппарат қызметкерлері өрттен қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтты және зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестіктерін жеткізді.

Еліміз Президентінің тапсырмасы бойынша Үкімет пен Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі қазір өрттен зардап шеккен қала тұрғындарына көмек көрсетуде және оларды тұрғын үймен қамтамасыз ету жұмыстарымен айналысып жатыр. Осындай қиын кезеңде сенаторлар бір күндік еңбекақысын өрттен зардап шеккендердің көмек қорына аудару және Риддер тұрғындарын қолдау жөнінде шешім қабылдады,- делінген таратылған ақпаратта.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...