Сенаторлар Қостанайда ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілермен кездесті

22 Шілде 2019, 23:46
1207
Бөлісу:
Сенаторлар Қостанайда ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілермен кездесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Парламент Сенатының депутаттары Жеңіс Нұрғалиев пен Серік Бектұрғанов Қостанай облысындағы жұмыс сапары аясында ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілермен кездесті.

«Депутаттар кездесуде заң шығару жұмыстары мен республиканың агроөнеркәсіптік кешенін дамыту жоспарлары туралы хабардар етті.Жүздесу барысында агроөнеркәсіп кешенін дамытудың өзекті мәселелері талқыланды. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді субсидиялау, оның ішінде ұзақ мерзімге субсидия берудің тиімділігі мен қажеттігі туралы айтылып, мемлекеттің қолдауын талап ететін барлық шығындар субсидияланбайтынына назар аударылды», - делінген Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Мысалы, фунгицидтерге субсидиялардың берілмеуі салдарынан ауыл шаруашылығы саласы едәуір зиянға ұшырап келеді. Бұл мәселе оң шешімін тапса, ауыл шаруашылығының өнімдері ұлғайып, еңбеккерлердің табысы молая түсетін болады.

Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер тракторлар мен комбайндарға арналған кәдеге жарату алымы бойынша ұсыныстар айтты.

Сенат депутаттары ауыл шаруашылығы кәсіпорындары басшыларының барлық ұсыныстарын жазып алып, оларды ауыл шаруашылығы министрлігінің басшылығымен талқылайтындарын жеткізді.

 

Өзгелердің жаңалығы