Сенаторлар Қостанай облысының тұрғындарымен кездесті

12 Шілде 2019, 17:45
1407
Бөлісу:
Сенаторлар Қостанай облысының тұрғындарымен кездесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сенаторлар Қостанай облысының әлеуметтік-экономикалық даму келешегін талқылады.

Сенат депутаттары еліміздің аймақтарына сапар аясында жергілікті тұрғындармен және мемлекеттік органдардың өкілдерімен кездесулер өткізді.   

«Сенат депутаттары Жеңіс Нұрғалиев пен Серік Бектұрғанов Қостанай облыстық мәслихатының депутаттарымен кездесті және мәслихаттың кезектен тыс сессиясына қатысты. Сессия барысындағы кездесулерде өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму келешегі, тұрғындардың әл-ауқаты, жергілікті депутаттардың жұмысына қарқын беру мәселелері талқыланды. Депутаттар сондай-ақ тұрғындарды 2019-2021 жылдарға арналған бюджетке кейінгі өзгерістер туралы хабардар етті», - деп ақпарат таратты Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының баспасөз қызметі. 

Сенаторлар сондай-ақ Қостанай облыстық Қоғамдық кеңесінің төрағасы Азамат Тұрсыновпен де кездесті.   

Кездесуде еліміздегі қоғамдық кеңестердің қызметі және 2015 жылғы 2 қарашадағы «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының заңына түзетулер жобасы туралы мәселелер талқыланды.   

Талқылау қорытындысы бойынша қоғамдық кеңестер институтының қызметі кешенді және жүйелі талдауды, сондай-ақ жекелеген тетіктерді жетілдіруді талап ететіндігі анықталды.   

Сонымен қатар, жергілікті жердегі бірқатар өзекті мәселелерді бақылауға алу, сондай-ақ оларды депутаттық сауалдарда ескерілетіні туралы айтылды.


Өзгелердің жаңалығы