Сенаторлар оқ-дәрілерді сақтау кезіндегі қауіпсіздік шараларын күшейтуді ұсынды

21 Қазан 2021, 14:33
7946
Бөлісу:
Сенаторлар оқ-дәрілерді сақтау кезіндегі қауіпсіздік шараларын күшейтуді ұсынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Сенат отырысында Палата депутаттары тиісті заң жобасына халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және қару-жарақ қоймаларындағы жарылыстың алдын алуға арналған жаңа нормалар енгізуді ұсынды.

Сондай-ақ сенаторлар оқ-дәрілерді сақтау кезіндегі қауіпсіздік шараларын күшейту қажеттігін айтты.

Сенат енгізіп отырған түзетулер қару-жарақты сақтау және оны жою жолдарын реттеуге бағытталған. Бұл – соңғы уақытта еліміздегі қару-жарақ қоймаларында болған трагедиялық жағдайлар қайталанбауы үшін жасалған қадам, – деді Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев.

Айта кетейік, бүгін сенаторлар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік сатып алу, жер қойнауын пайдаланушылар мен табиғи монополиялар субъектілерінің сатып алуы, байланыс, автомобиль көлігі және қорғаныс мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына аталған түзетулерді енгізіп, құжатты Мәжіліске қайтарды.



Өзгелердің жаңалығы