Сенаторлар Нұр-Сұлтанның мәслихат депутаттарымен кездесті

13 Қараша 2019, 03:21
9338
Бөлісу:
Сенаторлар Нұр-Сұлтанның мәслихат депутаттарымен кездесті

Нұр-Сұлатн, BAQ.KZ. Парламент Сенатында Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің мүшелері Нұр-Сұлтан қалалық мәслихатындағы бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссиясының құрамындағы депутаттармен кездесті.

Жоғарғы палатаның баспасөз қызметінен хабарлағандай, кездесуде мәслихат депутаттары Парламент Сенатының заң шығару қызметімен танысты. Олар бюджетті жоспарлау, қалыптастыру және орындауға қатысты бірқатар мәселелерді талқылады, экономиканың, кәсіпкерліктің, өнеркәсіп пен инновацияның өзекті мәселелері көтерілді.

Салалық комитеттің төрағасы Серік Жақсыбеков Сенат депутаттары заңдардың орындалуына мониторинг жүргіумен қатар жергілікті органдардың өкілдерімен өзара байланыс орнату қажеттігін  атап өтті. 

Отырысқа қатысушылар елордадағы өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты. Бұдан былай өзара іс-қимыл аясында жұмыс кездесулері мен кеңестер өткізу жоспарланды.

Өзгелердің жаңалығы