Сенаторлар Қазақстандағы туризмді дамытудың келешегін талқылады

1 Қазан 2021, 20:11
10143
Бөлісу:
Сенаторлар Қазақстандағы туризмді дамытудың келешегін талқылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің депутаттары Маңғыстау облысында көшпелі отырыс өткізді. 

Онда «Қазақстандық ішкі туризмді дамыту – уақыт талабы» тақырыбы бойынша парламенттік тыңдауға дайындық аясында кездесу болды.

Комитет төрағасы Мұрат Бақтиярұлы көшпелі отырыстың негізгі мақсаты – туризмді дамыту және Маңғыстау облысындағы тарихи-мәдени мұраны сақтаудың келешегін талқылау екенін атап өтті.

Бүгінде елімізде туризмді дамытудың 2019-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы жұмыс істейді. Оның негізгі мақсаты – мемлекет экономикасындағы туристік саланың мультипликативті әсерін арттыру үшін нормативтік базаны қалыптастыру. Біз бұл тетіктерді еліміздің туристік өңірлерінде жүзеге асыру маңызды деп санаймыз, - деді Мұрат Бақтиярұлы.

Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары ішкі туризмді дамыту туралы баяндама жасады. Ал тарихи-мәдени мұраны сақтаудың проблемалары мен шешу жолдары туралы Мәдениет және спорт министрлігі Индустрия және туризм комитетінің өкілі баяндады.

Сенаторлар кездесуге қатысқан облыстық және қалалық мәслихат депутаттарымен, сондай-ақ туристік ұйымдардың өкілдерімен туризмді дамытудың өзекті мәселелерін талқылады.

Сенат депутаттары сонымен қатар Әбіш Кекілбаевтың ескерткішіне гүл шоқтарын қоюға қатысты және Ақтау қаласының кейбір туристік кәсіпорынның жұмысымен танысты.

Өзгелердің жаңалығы