Сенаторлар Ақтөбе облысының индустриялық аймақтарының қызметін тексерді

25 Маусым 2021, 19:51
4265
Бөлісу:
Сенаторлар Ақтөбе облысының индустриялық аймақтарының қызметін тексерді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің депутаттары Ақтөбе облысында көшпелі отырыс өткізді.

Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады. 

Сенаторлар өңір басшылығымен, кәсіпкерлермен және сарапшылармен бірлесе отырып 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы Жер» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру және индустриялық аймақтарды дамыту мәселелерін талқылады.

Сенат депутаты Сағындық Лұқпанов өткен жылы «Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» заң қабылданғанын еске сала келіп, индустриялық аймақтарды заңнамалық жетілдіру мәселесіндегі проблемалар сенаторлардың бақылауында екенін атап өтті.

Біздің көшпелі отырысымыздың негізгі мақсаттарының бірі - нақты өндірісті мемлекеттік ынталандырудағы келешегі зор құралдардың бірі ретінде индустриялық аймақтардың қызметімен танысу болып отыр. Осыған байланысты біз олардың даму қарқынын тежейтін проблемалық мәселелерді анықтауымыз керек, - деді сенатор.

Депутаттар, сондай-ақ, нысандарды аралап, «Нұрлы Жер» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысымен танысты. Олар сондай-ақ бірқатар кәсіпорындарда, оның ішінде жылыжайларда, рельс құрастыратын және ферроқорытпа зауыттарында болды.


Өзгелердің жаңалығы