Сенаторлар Ақмолада көпбалалы отбасылар мәселесін талқылады

4 Наурыз 2019, 14:27
1826
Бөлісу:
Сенаторлар Ақмолада көпбалалы отбасылар мәселесін талқылады

Астана, BAQ.KZ. Парламент Сенатының депутаттары Рашит Әкімов, Дулат Құсдәулетов және Дәурен Әділбеков Ақмола облысына жұмыс барысымен барды. 

Сапары аясында Шортанды ауданындағы «Қайнар» балалар мен жасөспірімдер клубы» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерімен кездесті. Жүздесуде көпбалалы отбасыларды әлеуметтік қорғау және халықтың әлсіз топтарын мемлекеттік қолдау мәселелері жан-жақты талқыланды. Бұл туралы Сенатының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Жергілікті тұрғындар Мемлекет басшысының «Нұр Отан» партиясының XVIII cъезінде алға қойған негізгі міндеттердің толықтай іске асуын күтетіндерін айта келіп, қазіргі Үкімет ауқымды міндеттерді сапалы атқаруға бар күшін салатынына сенім білдірді.

Шортанды ауылына сапар кезінде депутаттар 2017-2021 жылдарға арналған жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі «Еңбек» бағдарламасына қатысушы «Бастау-бизнес» бағдарламасы аясында ашылған сауда нысаны мен «SMAA» дүкенінде болды. Аймақта полиэтилен өнімдерін шығаратын, 2014 жылы пайдалануға берілген «Полимер-Пласт» мекемесінде болған кезде сенаторлар өндіріс барысымен танысып, еңбек ұжымдарымен кездесті.

Өзгелердің жаңалығы