Бас жаңалықтар
Қазақстандық сенатор ТМД ПАА Тұрақты комиссиясының отырысына қатысты
01 Маусым 2019, 17:03 408

Қазақстандық сенатор ТМД ПАА Тұрақты комиссиясының отырысына қатысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Сәрсенбай Еңсегенов Санкт-Петербург қаласындағы Таврия сарайында өткен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Парламентаралық Ассамблеясының (ТМД ПАА) Мемлекеттік құрылыс және жергілікті өзін-өзі басқару тәжірибесін зерделеу жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысына қатысты.

Шараға Әзербайжан Республикасы, Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы және Тәжікстан Республикасы парламенттерінің өкілдері, сондай-ақ мамандар, сарапшылар, ғылыми қауымдастығының өкілдері және ТМД ПАА Кеңесі Хатшылығының қызметкерлері қатысты.

Комиссия мүшелері мәселелердің негізгі бөлігін талқылау барысында ТМД-ға қатысушы мемлекеттер парламенттері депутаттарының мәртебесі туралы заңнаманы жетілдіру жөніндегі ұсынымдардың жобасын қарады. Олар бірінші кезекте осы құжатты әзірлеудің маңызы мен оның ұлттық заң шығарушылардың сұраныстарына сәйкес екенін атап өтті.

Комиссия мүшелері отырыс кезінде ТМД-ға қатысушы мемлекеттерге арналған Сайлау кодексінің үлгі жобасын, «Парламенттік бақылау туралы», «Өңірлік инвестициялық жобалар туралы» және «Мемлекеттік марапаттар туралы» үлгі заңдардың жобаларын, сондай-ақ ТМД-ға қатысушы мемлекеттерге арналған Тұрақты және қауіпсіз даму тұжырымдамасы мен Дағдарысқа қарсы реттеу құралдарын салыстырмалы-құқықтық талдау жобаларын талқылады. Отырысқа қатысушылар ұсынылған құжаттардың мәтіндерін егжей-тегжейлі қарады және оларды ТМД ПАА қатысушы-мемлекеттер парламенттерінің салалық комитеттері мен комиссияларына ескертулер мен ұсыныстар беруді сұраған қаулы қабылдады.

Фото: дереккөз
Загрузка...

Сізден жаңалық