Сенатор тігін цехын ашқан көп балалы кәсіпкер анамен кездесті

21 Тамыз 2019, 20:12
1622
Бөлісу:
Сенатор тігін цехын ашқан көп балалы кәсіпкер анамен кездесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Парламент Сенатының депутаты Айгүл Қапбарова Шымкенттегі жұмыс сапары аясында атаулы әлеуметтік көмек арқылы үйінен тігін цехін ашып, оны дөңгелетіп отырған Тілләгүл Қарсыбаеваның шаңырағында болды.

Парламент Сенатының баспасөз қызметінің хабарлауынша, "Күміс алқа" иегері Тілләгүл Тасболатқызы сенаторға қалай шағын кәсіпке келгенін әңгімеледі. Мемлекеттен берілген қаражатқа тігін машиналарын сатып алып, жұмысын бастаған.

Кездесу барысында Айгүл Жарылқасынқызы мемлекеттік қолдау шараларының аясында көп балалы отбасылар жаңа мүмкіндіктерге ие болатынын айтып өтті.

Жалпы Шымкент қаласында  атаулы әлеуметтік көмекті алуға 68 мың отбасы құжат тапсырып, оның 40 мыңға жуығына әлеуметтік көмек тағайындалған.

Өзгелердің жаңалығы