Бас жаңалықтар
Сенатор: Шешімін таппаған мәселелерді айқындау қажет
05 Наурыз 2019, 20:14 252

Сенатор: Шешімін таппаған мәселелерді айқындау қажет

Астана, BAQ.KZ. Парламент Сенатының депутаттары Бірғаным Әйтімова, Бақытжан Жұмағұлов, Динар Нөкетаева мен Нұрлан Қылышбаев жұмыс сапарымен Алматы облысында болды, деп жазады Сенатының баспасөз қызметі.

Сапар аясында депутаттар Елбасының «Нұр Отан» партиясының XVIII съезінде айқындаған әлеуметтік қолдау шараларының орындалуы жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, Президент тапсырмаларының орындалуы барысымен танысты.

Сенатор Бірғаным Әйтімова өңір басшысы А.Баталовпен кездесу барысында сапардың негізгі мақсаты – тұрғындардың аудандық, облыстық немесе республикалық деңгейде шешілетін, немесе қолданыстағы заңнамаға өзгерту енгізуді талап ету тұрғысында шешімі табылатын мәселелерді айқындау екенін атап өтті.

Амандық Баталов облысты газбен қамтамасыз ету және Президенттің 5 әлеуметтік бастамаларын іске асыру жөніндегі депутаттардың сауалдарына жауап беріп, Текелі қаласының даму көрсеткіштері туралы айтып берді. Өңір басшысы қала тұрғындарын жұмыспен қамсыздандыру мәселесінде «Суффле» қазақстандық ашытқы шығару зауыты, шойын зауыты, тау-кен өңдеу кешені сияқты кәсіпорындардың алатын орны туралы айтып берді.

Сенаторлар сондай-ақ «Green House – Жасыл үй» жылыжайы мен Текелі тау-кен өндіру кешендерінде болып, Металлург ықшам ауданының жылу желілерін қайта жаңғырту жұмыстарының барысымен танысты. Сонымен қатар Текелі қалалық ауруханасында, Балалар мен жасөспірімдер туризмі және өлкетану орталығында, Орталық Азия университетінің құрылыс алаңында болды.

Сізден жаңалық