Сенатор: Ауыл шаруашылығын дамыту – аса маңызды мәселе

16 Қыркүйек 2020, 21:58
1321
Бөлісу:
Сенатор: Ауыл шаруашылығын дамыту – аса маңызды мәселе

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы жыл сайын Қазақстан халқына елдегі ағымдағы жағдай, өткен жылы қол жеткізілген нәтижелер және алдағы жоспарлар туралы Жолдауды жария етеді. Осыған орай Сенат депутаты Мұхтар Жұмағазиев өз ойымен бөлісті.

2020 жылғы 1 қыркүйекте Парламент палаталарының бірлескен отырысында айтылған кезекті Жолдауда Президент пандемия жағдайында елде қалыптасқан жағдай және оны тұрақтандыру жөніндегі мемлекет қабылдап жатқан шаралар туралы жан-жақты хабардар етті. Мемлекет басшысы басқару жүйесінің тиімділігін арттыруға, жаңа жағдайдағы экономикаға, өнеркәсіп әлеуетін өркендетуге, ауыл шаруашылығын, көлік-логистика кешенін, шағын және орта бизнесті, қаржы саласын дамытуға, елдің аумақтық дамуын жаңғыртуға және қазақстандықтардың әлеуметтік әл-ауқатын арттыруға бағытталған бірқатар бастамалар туралы айтып берді – дейді ол.

2020 жылы Президент Жолдауының маңызды бағыттарының бірі-агроөнеркәсіп кешенін дамыту. Осы бағыт аясында бірнеше маңызды аспектілерге назар аударылды.

Біріншіден, ауыл шаруашылығы саласында кәсіби кадрлардың жетіспеушілігі атап өтілді. Агроөнеркәсіп кешенінің баяу даму себептерінің бірі білікті кадрлардың тапшылығы болып табылады. Бұл проблема пандемия кезінде ерекше өткір болды. Кадр әлеуетін, басқару жүйесі мен технологиялық деңгейді агроөнеркәсіптік кешенді жаңғыртудың орталық факторы ретінде белгілеуге болады. Сондықтан бүгінгі таңда мемлекеттік ауқымдағы стратегиялық міндеттердің бірі - ауыл шаруашылығын кадрлармен қамтамасыз ету. Оған Мемлекет басшысы ерекше назар аударды. Екіншіден, ет, жеміс-жидек, көкөніс, қант, бидай, майлы дақылдар, сүт өнімдерін өндіру және өңдеу үшін 7 ірі экожүйені қалыптастыру тапсырылды. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы балық шаруашылығына ерекше назар аудару қажет деп санайды. Себебі ауыл шаруашылығы және тамақ өнеркәсібіндегі ең тиімді саланың бірі – балықты қайта өңдеуге қаржы салу болып табылады. Бұл мұндай саланың дағдарыс кезіндегі нарықтық ауытқуларға аз ұшырайтындығына байланысты. Бизнестің бұл түрінің кірістілігі мен тұрақтылығы жоғары болып сипатталады, өйткені ол нарықтық жағдайларға байланысты емес. Ал өнімге деген сұраныс экономикалық жағдайға немесе маусымға байланысты емес. Үшіншіден, аграрлық секторға инвестициялар тарту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Көптеген ғылыми зерттеулермен дәлелденген аграрлық секторға инвестициялар ауылшаруашылығы өндірісінің жоғары тиімділігіне айтарлықтай әсер етеді – дейді сенатор.

Шынында да, әр елдің экономикалық өмірінде инвестициялар дамудың басым факторы болып табылады және өндірістік ресурстарды өндіруде, демек, экономикалық өсуді жеделдетуде жетекші орын алады.

Президент осы мәселеге ерекше назар аударды. Жолдауда агроөнеркәсіп кешенін дамыту тұжырымдамасын әзірлеуге ерекше назар аударылды. АӨК дамытудың ағымдағы мемлекеттік бағдарламасы келесі жылы аяқталатынын ескере отырып, Үкіметке бизнеспен бірлесіп бес жылға арналған АӨК дамыту бойынша сапалы жаңа ұлттық жобаны әзірлеуді бастау тапсырылды. Осы жобаның негізгі міндеттері: әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларымен өзін-өзі қамтамасыз ету; ауыл тұрғындарының табысын тұрақты арттыру; еңбек өнімділігін екі жарым есе арттыру; АӨК өнімдерінің экспортын екі есе ұлғайту болуы тиіс – дейді Мұхтар Жұмағазиев.

Бұл тапсырма ағымдағы мемлекеттік бағдарламаның алдағы уақытта аяқталуымен және АӨК дамытудың жаңа тетіктерін әзірлеу қажеттігімен, оның жаңа жағдайға бейімделуіне байланысты болды деп сеніммен айтуға болады.

Мемлекет басшысының Жолдауында көтерілген тағы бір маңызды мәселе – келесі жылы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдалану мәселелері бойынша Жер кодексінің кейбір ережелеріне мораторийдің күшін жою. Бұл мәселе ұзақ уақыт бойы БАҚ-та талқыланып, азаматтар арасында әртүрлі қайшылықты пікірлер тудырды. Призидент Жолдауда біздің жер шетелдіктерге сатылмайтынын нақты атап өтті. Үкіметке ауыл шаруашылығы жерлерін толық шаруашылық айналымға енгізудің басқа да тәсілдерін әзірлеуді тапсырды. Пандемия кезеңінде агроөнеркәсіп кешенін дамыту мәселелеріне жиі-жиі назар аударылып отыр, оның ең ауыр зардаптарының бірі – бірінші қажеттіліктегі тауарлардың жетіспеушілігі болды. Президент ел дамуының ұзақ мерзімді қажеттіліктерін көріп отыр. Сондықтан Жолдауда ауыл шаруашылығын дамытуға баса назар аудару саланың аса маңызды екенін көрсетеді – дейді депутат.
Өзгелердің жаңалығы