Сенат төрағасы Еуразиялық медиа форум аясында бірқатар кездесу өткізді

23 Мамыр 2019, 11:39
1791
Бөлісу:
 Сенат төрағасы Еуразиялық медиа форум аясында бірқатар кездесу өткізді
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Парламент Сенатының төрағасы, Еуразиялық медиа форумның Ұйымдастыру комитетінің төрағасы Дариға Назарбаева Алматыда форум аясында бірқатар кездесу өткізді. Бұл туралы ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.

Медиа форумның арнаулы мейманы Армения президенті Армен Саркисянмен кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелері талқыланды.

 Сенат төрағасы Еуразиялық медиа форум аясында бірқатар кездесу өткізді

Тараптар Парламент Сенаты мен Армения Ұлттық Жиналысының достық тобының депутаттары арасында таяуда болған кездесудің маңыздылығын атап өтті, онда екі елдің заң шығару органдары арасындағы өзара іс-қимылды тереңдету туралы уағдаластыққа қол жеткен болатын.

Армения президенті ірі халықаралық медиа құрылымдардың өкілдері мен әлемдік деңгейдегі сарапшылар бас қосатын Еуразиялық медиа форумның әлеуеті зор екенін атап өтті. Қазіргі уақытта форумға 60 елден 500-ден астам делегат қатысып келеді. 

«Бүгінгі әлем – деглобализация үдерістерін, тұтыну дағдарысын, медиа-саланы цифрландыру, сондай-ақ жаңа технологиялар мен жасанды интеллектпен ұштасқан даму мүмкіндіктері мен сын-қатерлерді талқылау» биылғы жылы форумның тақырыбына айналып отыр.

Euronewsтің әріптестік және әртараптандыру жөніндегі аға вице-президенті К. Оикономумен кездесу барысында ЕАМФ пікірсайыстарының маңызы мен оның өсіп келе жатқан беделі атап көрсетілді.

 Сенат төрағасы Еуразиялық медиа форум аясында бірқатар кездесу өткізді

«Біз ашық пікірлесу ымырасыз ұстанымдарды жақындастыруды, өзара түсіністік пен төзімділікке ықпал етуін, ортақ мәселелерді шешу үшін күш-жігерді біріктіруді қалаймыз», - деді Дариға Назарбаева.


Өзгелердің жаңалығы