Сенат мемлекетті басқару деңгейлері арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселесі жөніндегі заңды қарады
28 Қазан 2021, 10:13 16907

Сенат мемлекетті басқару деңгейлері арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселесі жөніндегі заңды қарады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Парламент Сенатының отырысында Мәжіліс мақұлдаған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралды.

Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев аталған заң жобасында 46 заңнамалық актіге, оның ішінде 2 кодекс пен 44 заңға түзетулер енгізу көзделіп отырғанын жеткізді.

Заң жобасы шеңберінде 68 қызмет қайта бөлінеді. Оның ішінде Үкіметтен министрліктерге 63 қызмет беріледі. Жергілікті атқарушы органдарға 5 функция беріледі. Сонымен қатар 4 мемлекеттік органға қосымша құзіреттер беріледі. Жалпы заң жобасын қабылдау мемлекеттік басқарудың тиімді жүйесін қалпытастырудағы кезекті қадам болады, - деді министр.

Сонымен қатар ол жобаны іске асыру мемлекеттік бюджеттен қаржы шығындарын талап етпейтінін айтты.


Фото: дереккөз
Загрузка...