Бас жаңалықтар
Сенат депутаты ТүркПА комиссиясының жетінші отырысына қатысты
16 Мамыр 2019, 21:51 403

Сенат депутаты ТүркПА комиссиясының жетінші отырысына қатысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сенат депутаты Динар Нөкетаева Түркия Ұлы Ұлттық Жиналысы ұйымдастырған ТҮРКПА-ның Әлеуметтік, мәдени және гуманитарлық мәселелер жөніндегі комиссияның жетінші отырысына қатысты. Бұл жөнінде Сенатының баспасөз қызметі мәлімдеді. 

Отырыстың күн тәртібінің негізгі тармағы «БҰҰ-ның гендерлік мәселелер жөніндегі орнықты даму мақсаттары. ТүркПА-ға мүше елдердегі қазіргі отбасылық құндылықтардың мәдени ұқсастығы (заңнама болашағы)» тақырыбына арналды. 

Шараға қатысқан парламентшілер БҰҰ-ның гендерлік мәселелер жөніндегі орнықты даму мақсаттары тұрғысында түркітілдес елдердегі отбасылық құндылықтар мен мәдени бірегейлік мәселелерін, сондай-ақ осы саладағы ұлттық саясат туралы жан-жақты талқылады, ұлттық заңнамалардың келешегі мен осы саладағы ұлттық және көпжақты заңнаманы үйлестіру жөнінде бірқатар ұсыныстарды ортаға салды. 

Қазақстан тарапынан Парламент Сенатының депутаты Динар Нөкетаева мен Мәжіліс депутаты Жанат Омарбекова сөз сөйледі. 

Д. Нөкетаева Қазақстанның гендерлік, демографиялық және отбасылық саясатының негізгі ережелерін түсіндірді. Сенатор Қазақстан гендерлік теңдікке қатысты барлық халықаралық конвенцияларды ратификациялағанын, ТүркПА-ға мүше елдерде мәдени отбасылық құндылықтарды жаңғыртудың маңыздылығын атап өтті, еліміздегі отбасы институтын нығайту жөнінде жүргізіліп жатқан реформалар туралы әңгімеледі. 

Ж.Омарбекова білім беруді дамытуға және ауылдық аумақтардағы мүмкіндіктерді кеңейтуге, ажырасудың дабылды деректеріне назар аудара келіп, біздің елімізде осы мәселелер бойынша ұлттық жобалар әзірленіп жатқанын атап өтті.

Загрузка...

Сізден жаңалық