Сенат депутаты "плагиат жұмысы" үшін вице-министрді жазалауды сұрады 

7 Қараша 2019, 14:08
2319
Бөлісу:
Сенат депутаты "плагиат жұмысы" үшін вице-министрді жазалауды сұрады 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Парламент Сенатының депутаты Еділ Мамытбеков ҚР премьер-министрі Асқар Маминге жолдаған сауалында білім және ғылым вице-министрі Фатима Жақыпованың плагиат ісімен айналысуын сұрады. 

Оның сөзінше вице-министрдің плагиат жұмысы бір айдан бері БАҚ пен қоғамның талқылауында жүр. Депутат басқа ғылыми жұмыстарды қолданғаны жөніндегі фактілер екі антиплагиат жүйесімен расталса да, ведомстволық ұйым саналатын Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптамалар ұлттық орталығын пайдаланып фактіні теріске шығаруы көзбояушылық екенін айтты. 
Кездейсоқ адамдардың кесірінен ғылым саласы созылмалы ауруларынан айыға алмай отыр. Ешқайда және ешқашан енгізілмейтін ғылыми жұмыстар қаржыландырылады, ал нағыз құнды жұмыстар қағазбасты Ұлттық ғылыми кеңестің назарына ілінбей қалады, не бұл жұмыстарды сапалы жасауға енгізуге мүмкіндік бермейтіндей сырт көз үшін қаржыландырады. Ғылымды басқаратын құзыретті орган объективтілік пен адалдықтың болмауынан зардап шегеді, - деді ол. 

Ол Білім және ғылым министрлігінің кадрлық шешімдер қабылдамай отырғанына наразылық білдірді. 
Бұл сала қоғамды диссертациясын қоғамдық қорғауда және бұқаралық ақпарат құралдарында екі рет алдаған адамның басшылығында қалды. Қазір өкінішке қарай тек қазақстандық қана емес, барлық ғылыми қоғамдастық театрдағыдай таңғаларлық картинаны көріп отыр. Министрдің орынбасары барлық жоғары қағидаларды бұза отырып өз лауазымында қызмет етіп келеді. Сонымен бірге шағын елдімекендердегі мектептердің жойылу қаупіне әкеп соқтыратын жоғары оқу орындарын біріктіру жұмыстарын жүргізеді, - деді Мамытбеков. 

Ол 2019 жылғы 11 қазандағы Үкіметтің Тараз және Қостанай мемлекеттік пдеагогикалық университеттерін біріктіру жолымен өңірлік университеттерге қосу туралы қаулысы туралы айтты. 
Осы қаулыға бастама білдіргендерді жұмыстан қууға дейінгі жазала қолдануды сұраймын. Құзыретті органды алған күйзелістері үшін педагогтар алдында кешірім сұрауға мәжбүрлеу керек. Айтылғандардан соң ғылыми қоғамдастық пен жоғары білім беру жүйесін Қазақстанды шетелдің өзіне де масқара еткен вице-министрдің жұмысының құтқаруды сұраймын, - деді ол.


Өзгелердің жаңалығы