Бас жаңалықтар
Сенат депутаттары бақылау жұмыстарын күшейте түсті – Әшімбаев
26 Қыркүйек 2020, 14:32 142

Сенат депутаттары бақылау жұмыстарын күшейте түсті – Әшімбаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Енді әр жұма сайын «Хабар24» телеарнасында «Сенат сөзі» және «Время Сената» бағдарламасы көрсетіледі. Бұл – Жоғарғы Палата мен телеарнаның бірлескен жобасы, деп жазды Мәулен Әшімбаев Facebook-тегі парақшасында.

Кеше тұсаукесер шығарылымға арнайы қатысып, Сенат жұмысындағы тың бастамалар, қос палаталы Парламенттің тиімділігі жөнінде сөз қозғадым. 
Қазіргі таңда Парламенттің, оның ішінде Сенаттың алдында тұрған негізгі міндет – Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған басымдықтардың іске асырылуын заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету. Осы орайда сенаторлар ашықтыққа, елмен етене болуға, әр заңды қабылдаған кезде халықтың пікірі мен ұсыныстарын ескеруге баса мән беріп отыр. Соның аясында өңірлерге шығып, нақты жағдаймен танысып, азаматтарды алаңдатқан проблемаларды анықтауды қолға алдық, - деп жазды Әшімбаев.
Ол Жолдауда көрсетілген барлық басымдық сенаторлардың ерекше назарында екенін атап өтті.
Сонымен қатар Сенат депутаттары Президентіміз берген тапсырмаларды орындау мақсатымен бақылау жұмыстарын күшейте түсті. Алғашқы бағдарламада денсаулық сақтау және құқық қорғау органдарына қатысты мәселелер көтерілді. Осы ретте Жолдауда көрсетілген барлық басымдық сенаторлардың ерекше назарында екенін атап өткен жөн.

Жалпы алдағы уақытта Сенаттың қызметі, қабылданған заңдардың мәні туралы халыққа ұдайы ақпарат беріп отыру көзделуде. Бұл – Жоғарғы Палатаның есептілігін және диалогқа дайын екенін көрсетеді. Жаңа жобаны осы жолдағы маңызды қадам деп қабылдаймыз, - деп жазды Сенат спикері.








Фото: ашық дереккөз
Загрузка...