Сенат делегациясы Парламентаралық одақтың 141 - ассамблеясына қатысты

17 Қазан 2019, 19:28
1716
Бөлісу:
Сенат делегациясы Парламентаралық одақтың 141 - ассамблеясына қатысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Парламент Сенаты төрағасының орынбасары Асқар Шәкіров пен Сенат депутаты Ерік Сұлтанов 13-17 қазан күндері Белградта өткен Парламентаралық одақтың 141-ші ассамблеясының жұмысына қатысты, деп хабарлады Парламент Сенатының баспасөз қызметі.

Биыл 130 жылдығын атап отырған Парламентаралық одақ ассамблеясы парламенттік дипломатияны және парламентаралық үнқатысуды ілгерілетуге бағытталған белделді әрі бұрынғы халықаралық ұйымдардың бірі болып табылады. Ұйым құрамына 179 ел мен 14 аймақтық парламентаралық ұйымдар кіреді.

Асқар Шәкіров форум аясында Парламентаралық одақ басшыларымен, сондай-ақ ұйым қызметі және екіжақты ынтымақтастықтың келешегі мәселелері бойынша бірқатар елдердің парламентшілерімен кездесулер өткізді.

Ассамблея аясында Сенат төрағасының орынбасары "Еуразия" геосаяси тобының отырысына қатысты. Парламентаралық одақ ассамблеясының мүшелеріне ұйымның күн тәртібіндегі маңызды мәселелер туралы ұстанымдарды талқылау мен келісуде геосаяси топтар маңызды рөл атқарады. Қазіргі уақытта 9 ел, атап айтқанда: Қазақстан, Армения, Ресей Федерациясы, Тәжікстан, Түркменстан, Өзбекстан "Еуразия  тобы мүшесі болып отыр. 

                                       

Өзгелердің жаңалығы