Бас жаңалықтар
«Сен мықтысың!» Димаш Ержан Максимге сәттілік тіледі
02 Наурыз 2019, 16:22 618

«Сен мықтысың!» Димаш Ержан Максимге сәттілік тіледі

Астана, BAQ.KZ. Әнші Димаш Құдайберген өзінің отандасы Ержан Максимнің талантына сүйсініп, «Голос.Дети» байқауында жеңіске жетуіне тілектестігін білдірді.

«Ержантай, балапан, Ресейдегі өнеріңе тәнті болдым. Қазақ елінің өнерге бай екенін Ресейдің қақ ортасында далелдеген кішкентай батырымызсың. Былтыр осындай жобада Данелия құлыншағымыз Украинада еліміздің мәртебесін көтерсе, биыл дәстүрге айналған жеңісті үрдісімізді өзің Ресейдің төрінде дес бермей абыроймен жалғастыруыңа тілектеспін. Сен мықтысың!!!Саған бірінші кезекте, қазіргідей жақсы қарапайым азамат болып өсуіңді, содан барып қана үлкен жұлдыз болуыңды тілеймін жаным. Алға Ержантай!!!», - деп жазды Димаш өзінің әлеуметік желідегі жеке парақшасында.

Бұған дейін Ержан Максимнің ресейлік «Голос.Дети» бағдарламасына қатысып, Меладзе мен Лободаны таң қалдырғандығы туралы жазған болатынбыз.

Загрузка...

Сізден жаңалық