Бас жаңалықтар
Семсерлесуден Қазақстан кубогінің жеңімпаздары анықталды
22 Қазан 2019, 23:05 190

Семсерлесуден Қазақстан кубогінің жеңімпаздары анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда семсерлесуден Қазақстан Республикасының кубогі өтуде, командалық сайыстың нәтижесі белгілі болды, деп хабарлады Olympic.kz.

Ерлер арасында Шығыс Қазақстан облысының құрама командасы үздік атанды. Ал екінші орынға Шымкент командасы, үшінші орынға Алматы мен Ақтөбе облысының құрамасы ие болды.

Әйелдер арасында Алматы қаласының командасы Қазақстан Республикасы кубогінің иегері атанды. "Алматы-2" командасы күміспен күптелсе, ШҚО және "Алматы-3" үшінші орынды өзара бөлісіп алды.


Фото: дереккөз
Загрузка...