Семсерлесуден Қазақстан ерлер командасы Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

18 Маусым 2019, 15:36
2415
Бөлісу:
Семсерлесуден Қазақстан ерлер командасы Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Токиода семсерлесуден Азия чемпионатының соңғы жарыс күні өтуде. Шпагадан ерлер арасындағы командалық сында Қазақстан құрамасы қола жүлдегер атанды. Бұл туралы ҰОК-тің баспасөз қызметі хабарлады.

Жартылай финалда Эльмир Алимжанов, Иван Дерябин, Руслан Курбанов және Вадим Шарлаимовтан құралған Қазақстан командасы Оңтүстік Корея құрамасымен кездескен болатын. 

Тартысты өткен матч «алтын ұпайға» дейін созылып, қазақстандықтан 43:44 есебімен қарсыласқа есе жіберді. Бұл көрсеткіш арқылы Қазақстан құрамасы құрлық додасының қола жүлдесін иеленді. 

Айта кетелік, бұған дейін Қазақстан командасы Азия біріншілігінен екі қола медаль жеңіп алған болатын. Руслан Курбанов семсерлесуден ерлер арасындағы жекелей сында үздік үштікке енсе, қылыштасудан Қазақстан қыздар командасы турнирдің қола жүлдегері атанды. 
Өзгелердің жаңалығы