Бас жаңалықтар
Семейлік оқушылар 24 келі пластикалық бөтелке жинады
28 Қаңтар 2021, 15:26 214

Семейлік оқушылар 24 келі пластикалық бөтелке жинады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Семейде мектеп оқушылары «ЭкоАсар» марафонына белсене атсалысып жатыр, деп хабарлайды Алтайньюс.

2020 жылдың қыркүйегінде оқу жылымен қатар республика бойынша «ЭкоАсар» экологиялық марафоны басталған болатын. Мұндағы мақсаты – жас ұрпақты қоршаған ортаны қорғауға баулып, табиғатты аялауға үйрету.

Экология, геология және табиғи ресурстар минстрлігі бастаған марафонға Семейдегі Жүсіпбек Аймауытов атындағы мектеп ұжымы белсенді қатысып келеді. 

Оқушылар ата-аналармен және ұстаздармен бірлесіп 240 келі макулатура, 24 келі пластикалық бөтелке жинады. Жинап қана қоймай, алғыр шәкірттер тұрғындарға пластикалық қалдықтардың зияны туралы түсіндірді. Бұл үшін арнайы бейнеролик жасап, әлеуметтік желілер арқылы таратты.

Қоршаған ортаны қорғау марафон аясында ғана өтетін шара емес, күнделікті өмірде дағдыға айналуы қажет, – дейді мектеп директоры Дулат Баитунов.


Фото: дереккөз
Загрузка...