Семейлік 5 жасар қыз Абайдың өлеңдерін жатқа біледі

11 Тамыз 2020, 05:29
2757
Бөлісу:
Семейлік 5 жасар қыз Абайдың өлеңдерін жатқа біледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Семейлік 5 жасар бүлдіршін Бота Талғат Абай Құнанбайұлының өлеңдерін жатқа айтып, әндерін нақышына келтіріп орындап жүр.

Жас талант "Болашаққа бағыт", "Әсемпаз болма әрнеге", "Өнерге қанат қаққандар" сынды бірнеше республикалық байқауларда мәнерлеп оқудан топ жарып, жеңімпаз атанған. Анасы Мейірімнің айтуынша, қызы 3 жастан бастап өлеңдерді жатқа айтады және оның көркем әдебиетке деген қызығушылығы жоғары екен.

Балам алғаш рет Абай ескерткішін көргенде ұлы ақынның кім болғанын, халықтың құрметіне неліктен ерекше бөленгені туралы сұрап, қызығушылық танытты. "Ол кісі де мен сияқты өлеңдерді жатқа айтты ма?" деп ұқсастық іздеді. Бүгінде ақынның жиырмадан астам өлеңін мәнерлеп оқып, әндерін орындайды. Күнде бір өлеңін жаттап алады, - дейді анасы.

Алайда, Бота болашақта әдебиетші емес, әнші әрі дәрігер болғысы келеді.

Өзгелердің жаңалығы