Семейден Алакөлге бара жатқан автобус өртеніп кетті

12 Шілде 2019, 16:45
3127
Бөлісу:
Семейден Алакөлге бара жатқан автобус өртеніп кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ШҚО тас жолында автобус өртенді, деп хабарлады Алтайньюс.

Оқыс оқиға бүгін болған. Үржар ауданы ТЖ қызметінің «101» пульт нөміріне Үржар-Таскескен автожолының бойында микроавтобустың жанып кеткені туралы хабар түскен.

Өртті сөндіруге Үржар ауданының Төтенше жағдай қызметіндегі жеке құрамның 4 маманы мен 1 өрт сөндіру техникасы жұмылдырылып, өрт толықтай сағат 6:30-да өшірілді.

Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда. 

«Автобус салонында 12 жолаушы болды. Олардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ. Автобус жолаушылары жол-жөнекей көлік ұстап әрі қарай жол жүріп кеткен. Өрт кезінде №17 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері жұмыс істеп, таңғы 6:30-да өрт толықтай сөндірілді. Өртке оранған жердің көлемі 32 шаршы метрді құрады», - делінген хабарламада.

Төтенше жағдай қызметі автокөліктерге қарапайым өрт қауіпсіздігін сақтауды және өздерімен бірге өрт сөндіргішті  алып жүруді ескертеді.

Өзгелердің жаңалығы