Бас жаңалықтар
Семейде автобустар жаңартылады
19 Тамыз 2019, 11:16 277

Семейде автобустар жаңартылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 10 қыркүйектен бастап Семейде жаңа автобустар жолға шығып, жаңа маршруттық желі іске қосылады. Бұл туралы қала әкімі Ермак Сәлімов баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлады Алтайньюс.

"Кейбір тасымалдаушылар бүгінде өз міндеттемелерін мүлдем орындамайды. Бұл бірінші кезекте маршруттың тұрақтылығына қатысты. Мысалы, "Азия Combi" тұрақтылығы 33%-ға дейін төмендеді, "Семавтопарк" тұрақтылығы 37%-ға дейін төмендеді. Жағдайды жақсарту үшін шаралар қабылданды", - деді қала басшысы.

Семей қаласы ақпараттық орталығы мамандарының айтуынша, келесі айдан бастап қала бойынша 170 жаңа автобус қатынайды.

Олардың ішінде "Daewoo" маркалы ақ-жасыл түсті жоғары деңгейдегі 30 автобус, орта класты жасыл-ақ түсті 80 автобус және "Dong Feng"маркалы  60 автобус бар. Осылайша, қалалық автопарк 86%-ға жаңартылады. 

"Алдағы уақытта қалада электронды билет іске қосу жоспарлануда. Бұдан былай жолаушылар жолақысын арнайы карточкалардың көмегімен төлейді. Электронды билет барлық автобустарға енгізіледі. Жол ақысын төлеудің жаңа жүйесі келесі жылы іске қосылады", - делінген таратылған ақпаратта.


Фото: дереккөз
Загрузка...

Сізден жаңалық